ӨЗБЕКСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
Өзбекстанның Шыршық қаласындағы Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт
университетінде “Жаңа Өзбекстан жағдайында спорттың тұрақты дамуы: спорт
менеджерлері мен маркетологтарының өзекті мәселелерді шешудегі рөлі”
тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті.
Іс-шара спортты дамытудағы мәселелерді талқылау, табысты тәжірибелермен
бөлісу және саланы басқарудағы өзара іс-қимылды нығайтудың жаңа тәсілдерін
әзірлеу үшін ашық алаң болды. Конференцияда 12
елден қатысушылар өз ғылыми жаңалықтарымен бөлісті.
Аталған ауқымды жиында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректорының
кеңесшісі Ернұр Сапарбаев құттықтау сөз сөйледі. Ол бүгінгі таңда спорт индустриясы инфрақұрылымды жаңғырту ғана емес,
сонымен қатар кәсіби менеджерлер мен маркетологтардың рөлін күшейтуді талап
ететін жаңа міндеттер кезеңінде екенін атап өтті.
Баяндама спортты дамытудағы жаңа бастамалар дайындауға, қоғамдағы салауатты өмір салтын қалыптастыруды нығайтуға айтарлықтай үлес қосты. Ғылыми конференция аясында екі университет арасында заманауи идеяларды іске асыру, академиялық мәселелер және ғылыми ізденіс жұмыстарын бірігіп атқару мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.


Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам