Zhanibekov university logo

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

3 Желтоқсан 2025, 10:53
Медиа Орталық

ZHANIBEKOV UNIVERSITY Филология факультетінің білім алушылары Coursera платформасының курсын аяқтады. Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары үшін курс пән жүйесінің мәнін терең түсінуге және оны педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдануға мүмкіндік берді.

 

М1701-14 тобының білім алушылары «Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат» пәнінен Coursera платформасы арқылы «Ғылыми зерттеу әлемі» тақырыбында курсты аяқтап, өз білімдерін тереңдетті. Курсты оқу барысында «Ғылыми зерттеулер негіздері және әдіснамасы», «Заманауи зерттеу технологиялары мен деректерді жинау әдістері», «Ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу және деректерді талдау», «Ғылыми жұмысты жазу, құрылымдау және қорғау» атты төрт модульден өтіп, алған білімінің нәтижесінде сертификатқа ие болды. Аталған курстан өту барысында білім алушылар зерттеу мәселесін анықтау, ғылыми дереккөздермен жұмыс істеу, деректерді талдау және әдіснамалық құзіреттілікті қалыптастырды.

 

«Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау» білім беру бағдарламасының екінші курс магистранттары «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жасанды интеллект» пәнінен Coursera платформасында DeepLearning.AI ұсынған “Баршаға арналған жасанды интеллект (AI For Everyone)” атты курсты сәтті аяқтап, сертификат алды.Бұл курс бағдарламалауды қажет етпейтін, ЖИ-ді күнделікті өмірде, жұмыста және бизнес саласында қалай қолдануға болатынын қарапайым тілмен түсіндіретін тиімді бағдарлама болды.

 

“7М0117 - Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау” білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары үшін “Coursera” бағдарламасын оқу мүмкіндігі берілді. Аталған платформаға қолжетімділікті қамтамасыз ету, білім беру бағдарламалары бойынша курстардың сәйкестілік тізімін жасау университет тарапынан жүзеге асырылды.


 

Осыған ұқсас

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

13 Ақпан 2026, 12:39
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 Ақпан 2026, 10:44
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

13 Ақпан 2026, 10:23
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

12 Ақпан 2026, 11:37
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

11 Ақпан 2026, 12:40
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

11 Ақпан 2026, 10:41
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

10 Ақпан 2026, 17:46
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 15:52
«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 14:57
«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

9 Ақпан 2026, 17:35