12-сәуір ғылым қызметкерлері күніне орай Ғылым айының салтанатты іс-шарасы өтті
Zhanibekov University-де 12-сәуір ғылым қызметкерлері күніне орай Ғылым айының салтанатты іс-шарасы өтті.
Салтанатты шараны құттықтау сөзбен ашқан университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева:
— Бүгін біз бір ай бойы атап өткен Ғылым айын қорытындыладық. Барлығыңызға ғылымға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін, — дей келе осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен еселі еңбектерге, мемлекеттік қолдауға айрықша тоқталды.
Жиында ғылым саласында атқарылған ауқымды шараларды қамтитын арнайы бейнеролик назарға ұсынылып, таныстырылым жасалды. Марапаттау кезеңінде үздік ғалымдарға «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Ғылым үздігі» құрмет дипломымен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, арнайы Алғыс хатымен, тағы басқа көптеген номинациялар табысталды.
Сондай-ақ, Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков Ғылым айында ұйымдастырылған шаралар аясында жеңімпаздар мен үздік баяндамашыларды марапаттап, қаржылай сыйлықтар табыс етті.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам