ӘЛЕМДІК ДОДАЛАРДЫҢ ҚОС ЖЕҢІМПАЗЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректордың міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев әлемдік додаларда ел намысын қолдан бермей жүрген қос спортшыны қабылдады.
Дене шынықтыру және спорт факультетінің 1 курс студенті Абыл Төлесінов
жақында Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Параазия ойындарында голбол спорт түрі
бойынша І орынға ие болды. Спортшыны Қазақстан
Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов қабылдап, Алғыс
білдірген болатын.
Ал, Дене шынықтыру және спорт факультетінің 4 курс студенті Джохар Узаров
Алматы қаласында өткен грек-рим күресінен Қазақстан чемпионатында 130 кг салмақ
дәрежесінде белдесіп, ел чемпионы атанды. Ол биыл Вьетнамның Вунгтау қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі
спортшылар арасында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.
Сонымен қатар, 2024 жылы Париж қаласында өткен XXXIII жазғы Олимпиада
ойындарының қатысушысы болып табылады.
Бұл жеңіс — студенттің табандылығы мен еңбегінің, сондай-ақ еліміздегі
спортты дамыту жолындағы жүйелі жұмыстың айқын көрінісі. Спортшылардың жетістігі университет ұжымына зор
мақтаныш. Университет басшысы жеңімпаздарды жарқын жеңістерімен құттықтай
отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата
берулеріне тілектестік білдірді.


Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам