КӨПБАЛАЛЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ
Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев университеттің
көпбалалы қызметкерлерін жаңа жыл мерекесімен құттықтап, тәтті сыйлықтар
үлестірді.
— Өткен жыл ұжым үшін жетістікке толы болды. Бұл еңбекте сіздердің де үлестеріңіз мол. Сіздер – отбасында да, қызметте
де үлкен жауапкершілікті қатар алып жүрген ардақты жансыздар. Жаңа жыл әр
шаңыраққа шаттық, амандық, береке әкелсін,— деді Әлібек Нұрбайұлы.
Мерекелік сыйлыққа ие болғандардың бірі Нәзікүл Сарманова инфрақұрылымды дамыту департаментінің қызметкері, 7 баланың анасы. «Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Университетіміздің абыройы артып, ұрпағымыз саналы азамат болып өссін» дейді «Алтын алқа» иегері. Мерекеде сондай-ақ, 4 және одан көп балалы қызметкерлер де қуанышқа бөленді. Құттықтау шарасы аналарға көтеріңкі көңіл-күй мен жаңа жылдық әсер сыйлады.

Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам