Zhanibekov university logo

AI+SCHOOL+UNIVERSITY: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

8 Қаңтар 2026, 16:32
Медиа Орталық

 Университеттің профессор-оқытушылар құрамы үшін ұйымдастырылған «ai+school+university: педагогикалық білім берудің жаңа форматы» тақырыбындағы қысқы мектеп бағдарламасы мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған форматта жалғасын табуда. Іс-шараның ашылуында Басқарма мүшесі – академиялық істер жөніндегі проректор Ж. Жылбаев сөйлеп, қысқы мектептің мақсаты мен маңыздылығына тоқталды. Ол мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы сабақтастықты нығайтудың, педагогтардың кәсіби дамуын қолдаудың және оқу үдерісіне жасанды интеллект құралдарын тиімді кіріктірудің өзектілігін атап өтті.

 

Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы сабақтастықты нығайту, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу үдерісіне заманауи педагогикалық тәсілдерді кіріктіру арқылы оқытушының фасилитатор рөлін қалыптастыру және білім алушылардың зерттеушілік, сыни ойлау, функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту.

 

Семинар барысында Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибелі мұғалімдері өздерінің озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, lesson study, clil стратегиялары, 5e зерттеу тәсілі, сараланған оқыту, функционалдық сауаттылықты дамыту және белсенді оқыту жағдайындағы мұғалімнің фасилитатор рөлі сияқты өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

 

Іс-шара қатысушылары білім алушылардың зерттеушілік, сыни ойлау және дәлелдеу дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық әдістерді жоғары оқу орнындағы оқу процесіне бейімдеу жолдарын талқылады. Сонымен қатар жасанды интеллект құралдарын оқу процесінде қолданудың тиімді тетіктері қарастырылды. «Қысқы мектеп» педагогикалық қауымдастық үшін тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаңға айналып, мектеп пен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосты.


 

Осыған ұқсас

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

13 Ақпан 2026, 12:39
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 Ақпан 2026, 10:44
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

13 Ақпан 2026, 10:23
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

12 Ақпан 2026, 11:37
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

11 Ақпан 2026, 12:40
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

11 Ақпан 2026, 10:41
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

10 Ақпан 2026, 17:46
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 15:52
«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 14:57
«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

9 Ақпан 2026, 17:35