Zhanibekov university logo

ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫМЕН КЕЛІСІМ МЕМОРАНДУМЫ ЖАСАЛДЫ

8 Қаңтар 2026, 16:45
Медиа Орталық


Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру мақсатында Түркістан облыстық білім басқармасымен ынтымақтастық меморандумын жасады. Жақында университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев пен облыстық басқарма басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов келісім құжатына қол қойды.

 

Ынтымақтастық келісімі тараптар арасында кәсіби бағдар беру, педагогикалық білім беру бағдарламаларын насихаттау, университет түлектерін жұмысқа орналастыру, сондай-ақ оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбиелік бағыттағы бірлескен іс-шараларды үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған. Алдағы уақытта қос тарап Түркістан облысының мектеп, лицей, гимназия және колледж түлектері үшін ЖОО-ның білім беру әлеуетін, педагогикалық білім беру бағдарламаларының артықшылықтарын, заманауи мүмкіндіктерін және халықаралық байланыстарын жүйелі түрде таныстыруды бірлесе жүзеге асырады.

 

Келісім аясында сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен өтеу шаралары жүзеге аспақ. Меморандум кәсіби бағдар беру іс-шараларын офлайн және онлайн (Zoom, Cisco Webex, Google Meet) форматтарында өткізуге, түлектерді жұмыспен қамту мақсатында «Бос орындар жәрмеңкесін» бірлесе ұйымдастыруға бағытталған.



Осыған ұқсас

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

13 Ақпан 2026, 12:39
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 Ақпан 2026, 10:44
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

13 Ақпан 2026, 10:23
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

12 Ақпан 2026, 11:37
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

11 Ақпан 2026, 12:40
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

11 Ақпан 2026, 10:41
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

10 Ақпан 2026, 17:46
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 15:52
«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 14:57
«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

9 Ақпан 2026, 17:35