Zhanibekov university logo

SYRACUSE UNIVERSITY ӨКІЛІ ОЛЬГА ОГАНЕСЯНМЕН КЕЗДЕСТІ

6 Қаңтар 2026, 16:39
Медиа Орталық

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Сиракьюс университетінің (Сиракьюз қ, Нью-Йорк штаты, АҚШ) Академиялық бағдарламалар жөніндегі директордың орынбасары, EAP/ESP курстарын басқарушы Оганесян Ольга және Түркістан облысының Білім басқармасы басшысы міндетін атқарушы Ғалымжан Орыновпен ресми кездесу өтті.

 

Кездесуге университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев, Басқарма мүшелері, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері қатысты. Жиында академиялық ынтымақтастықты кеңейту, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға бағытталған ықтимал модельдер, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамының, докторанттар мен магистранттардың ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

 

Syracuse University — АҚШ ұлттық университеттер рейтингісі бойынша 436 жоғары оқу орнының ішінде 75 орында. Ол ұлттық деңгейде мойындалған әрі халықаралық мүмкіндіктерге ие университет, сондай-ақ, ғылыми зерттеулер мен инновацияларға салынған инвестицияларымен, кәсіби білім беру бағдарламаларымен кеңінен танымал. Бұл туралы университет өкілі Оганесян Ольга мәлімдеп, жан-жақты сұрақтарды қамтыған таныстырылымды назарға ұсынды.

 

Кездесуде EAP/ESP курстары аясында академиялық және кәсіби ағылшын тілін меңгеру арқылы біліктілікті арттыру мүмкіндіктері қарастырылып, халықаралық тәжірибені білім беру үдерісіне енгізу жолдары талданды. Қос тарап өзара ынтымақтастық келісім құжатына қол қойды. Аталған сапар университеттер арасындағы өзара тиімді келісімдерді қалыптастыруға және институционалдық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды тәжірибелік қадам болмақ.


 

Осыған ұқсас

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

13 Ақпан 2026, 12:39
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 Ақпан 2026, 10:44
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

13 Ақпан 2026, 10:23
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

12 Ақпан 2026, 11:37
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

11 Ақпан 2026, 12:40
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

11 Ақпан 2026, 10:41
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

10 Ақпан 2026, 17:46
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 15:52
«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 14:57
«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

9 Ақпан 2026, 17:35