AI+SCHOOL+UNIVERSITY: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
ZHANIBEKOV university Академиялық істер департаментінің ұйымдастыруымен университеттің оқытушы-профессорлар құрамы үшін «AI+School+University: педагогикалық білім берудің жаңа форматы» тақырыбындағы бағдарламасы бойынша қысқы мектеп өз жұмысын бастады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру
және оқу үдерісіне жасанды интеллект құралдарын тиімді кіріктіру арқылы оқытушы
мен білім алушылардың зерттеушілік, сыни ойлау және функционалдық сауаттылық
дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибе алмасу.
"Қысқы мектептің" бірінші күні «ЖИ-ды білім беруде интеграциялау
бағыттары» тақырыбындағы кіріспе дәріспен басталды. Дәрісті «Информатика» кафедрасының меңгерушісі Лаура
Сүлейменова жүргізіп, жасанды интеллектінің қазіргі білім беру жүйесіндегі рөлі
мен мүмкіндіктеріне тоқталды.
Барлық факультеттердің ОПҚ-ына арналған қысқы мектептің практикалық бөлімі
компьютерлік сыныптарда жалғасын тапты. Практикалық сабақтарды «Информатика» кафедрасының оқытушылары өз
тәжірибелерімен бөлісті. Практикалық сабақтар барысында қатысушылар
ChatGPT-тегі промт-сұраулардың түсінігі, құрылымы және пайдалану тәсілдерімен
танысып, оны оқу үдерісінде қолданудың нақты жолдарын талқылады. Практикалық бөлім
филология, тарих және педагогика, өнер және білім, физика-математика,
жаратылыстану, дене шынықтыру және спорт факультеттері бойынша жеке
аудиторияларда өткізілді.
"Қысқы мектеп" бағдарламасы — педагогтардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға, жасанды интеллектіні оқу контексінде саналы әрі тиімді қолдану, AI құралдарын оқу контентін визуализациялау және дидактикалық мақсатта қолдануға бағытталған мазмұнды тәжірибе алаңына айналды.




Осыған ұқсас
ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ