Zhanibekov university logo

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

14 Қаңтар 2026, 16:44
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шарада мемлекеттік тілдің ресми құжат айналымындағы орны, ісқағаздарын жүргізудің нормативтік-құқықтық негіздері кеңінен сөз болды.

 

Семинар барысында спикер, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Г. Қалдыбаева «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының талаптарына тоқталып, мемлекеттік тілдің басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүргізу салаларында қолданылу ерекшеліктерін түсіндірді. Ресми ісқағаз стилінің мақсаты, сипаты мен тілдік құралдары нақты мысалдар арқылы көрсетілді.

 

Сонымен қатар, құжаттарды ресімдеуде терминдерді дұрыс қолдану, Termincom.kz және Емле.kz сияқты электронды ресурстардың маңызы атап өтілді. Құжаттарда сан есімдердің, даталардың жазылу тәртібі, шартты қысқартулар мен күрделі атауларды біріздендіру талаптары жан-жақты түсіндірілді.

 

Семинар қатысушылары мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың бірыңғай қағидаларын сақтау кәсіби қарым-қатынастың тиімділігін арттыратынын атап өтті. Іс-шара мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге және ресми құжаттардың сапасын арттыруға бағытталған маңызды тәжірибелік алаң болды. Семинарды университет Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек жүргізіп, қорытындылады.


 

Осыған ұқсас

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

13 Ақпан 2026, 12:39
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 Ақпан 2026, 10:44
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

13 Ақпан 2026, 10:23
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

12 Ақпан 2026, 11:37
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

11 Ақпан 2026, 12:40
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

11 Ақпан 2026, 10:41
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

10 Ақпан 2026, 17:46
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 15:52
«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 14:57
«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

9 Ақпан 2026, 17:35