ZHANIBEKOV СТУДЕНТТЕРІ 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY 1, 2 және 4-курс білім алушылары кәсіптік практикадан өту үшін өңірдегі 100 астам мекемелерге (мектеп, бала-бақша, орталықтар және т.б.) жіберілді. Кәсіптік практика — кәсіби қалыптасудың маңызды кезеңі. Осыған орай кәсіптік практиканың басталуы қарсаңында факультет және кафедра деңгейлерінде орнықтыру конференциялары өткізілді.
Конференция барысында кәсіптік практиканың мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, білім алушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақтыланды. Практика базаларындағы оқу-тәрбие процесіне бейімделу жолдары қарастырылып, қауіпсіздік техникасы мен ішкі тәртіп ережелері таныстырылды.
Көктемгі семестрдегі оқу практикасында барлық білім беру бағдарламаларының 1-курсындағы 2873 білім алушы ұстаздық мамандыққа деген тұрақты қызығушылығы мен оң кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2 апталық оқу практикасын университет қабырғасында өтеді. Ал, психологиялық-педагогикалық практикада 2000-ға жуық 2-курс білім алушы академиялық оқумен қатар 15 апта бойы психологиялық-педагогикалық практикадан өтеді. Бұл білім алушыларға теорияны практикамен ұштастыра отырып, білім беру процесіндегі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді терең түсінуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, университеттің бітіруші курсындағы 1953 білім алушы нақты іс-әрекет жағдайында кәсіби қызметін апробациялауға бағытталған 2,5 айлық педагогикалық практикадан өтеді. Ал, өндірістік практика білім алушылардың теориялық білімін нақты кәсіби ортада бекітуге, болашақ мамандықтың мазмұнын терең меңгеруге бағытталған оқу процесінің маңызды кезеңі болып табылады.
Осыған ұқсас
ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ