Zhanibekov university logo

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

13 Ақпан 2026, 12:39
Медиа Орталық

Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Конституциялық реформа: қоғамдық диалог және Президенттің жаңа бастамалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында конституциялық реформаның мәні мен маңызы кеңінен талқыланып, Мемлекет басшысының бастамалары аясында жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырту үдерістері түсіндірілді. Басқосуда филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гаухар Сыздықова «Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы мен жаңа Конституция жобасының институтционалдық және құқықтық трансформациясы: баптық салыстырмалы талдау» тақырыбында, магистр-аға оқытушы Ақмарал Байдлаева «ЖИ бізден көп білетін заманда адамның білімдегі ролі қалай өзгереді? (2026 жылғы коституциялық реформалар контексінде)»  тақырыбында баяндама оқыды.

Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Жарыссөзге шыққан «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті Қайрат Анарбаев, профессор Дариха Бекманова, доцент Әбдіжаппар Тұрашбековтер конституциялық реформалардың нәтижесінде елімізде биліктің жаңа моделі қалыптасқалы отырғанын және саяси ұстанымы берік елдің қай кезде де көші түзу болатынын айтты. Конституцияға өзгеріс енгізу қоғам дамуының қажеттілігінен туындап отырған маңызды қадам деп бағалады.