«Күй күмбірі» — Жәнібеков рухына тағзым
Бүгін университетте Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған «Күй күмбірі» атты мәдени-шығармашылық іс-шара өтті. Музыкалық танымдық шараны «Мұра» ұлттық шығармашылық орталығының «Домбыра» үйірмесі ұйымдастырды. «Шаңырақ» ғимараты ұлттық нақышта безендіріліп, кеш қонақтарына ерекше әсер сыйлады.
Шараны Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек ашып, қазақ күй өнерінің мұрасын насихаттауда Өзбекәлі Жәнібековтің сіңірген еңбегі туралы жастарға танымдық ақпарат берді. Этнограф Өзбекәлі Жәнібеков «Адырна», «Шертер», «Сазген» фольклорлық ансамбльдерін ұйымдастырған. „Шертер" – қазақтың көне әуез аспаптарынан құралған, кейіннен ұйымдастырылған „Ғасырлар пернесі", „Сазген", „Адырна" халық аспаптары ансамбльдерінің, „Отырар сазы" оркестрінің ізашары болған түңғыш шығармашыл ұжым болды. Ансамбльдің негізін пошымы мен дыбыс ерекшеліктеріне қарай өзгешеленетін, төкпе күй орындауға бейімделген – адай, шертпе күй тартуға ыңғайлы – семей, іліп-қақпайды нақышына келтіретін торғай домбыралары, көне заманғы шертер, қылқобыз құраған. Оларға жетіген, шаңғауыз, үшкірік, дабыл, даңғыра, асатаяқ, қосылып, соңғы кезде ұмытыла бастаған халық әуендері – «Бозіңген», «Арвян қоңыр», «Ой толқыны», «Желдірме», «Кеңес ×5 күйін» орындағанда, тамылжыған сазды үні көпшілікті еліткен.
Кеш шымылдығы «Домбыра» үйірмесінің жетекшілері Нышан Әліби, Данияр МәдібековтіңМәдібековтіңйрындауындағы бірнеше сазды, рухты күйлермен ашылды. Өнерпазддар тек күй тартып қана қоймай, оның шығу тарихын баяндау арқылы жастарды қызықтыра түсті. Аспаптап жасау үйірмесінің жетекшісі Самат Өтеболатов Кенен Әзірбаевтің нақыл-өсиет термелерін орындады. Әсем сазды басқосу еркін форматта ұласып, күй өнерінің құдіреті тербеген домбырашы жастар көрермендер арасынан да табылып, өнер көрсетті. Ал, Өнер және білім факультетінің деканы Айдайқыз Байбатшаеваның студенттер мен мектеп оқушыларының домбыра арқылы байланысын әспеттеген әсерлі әңгімесі көпшілікке ой салды. Іс-шараны жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Нұргерім Нұрлан жүргізді.

Осыған ұқсас
ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР БАЛАБАҚШАДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ҮШІН ОЙЫН МАКЕТТЕРІН ҚОЛДАНУҒА АРНАЛДЫ
ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ