ҒАРЫШ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
16 Сәуір 2025, 10:42
Медиа Орталық
Zhanibekov University болашақ физиктері аспан әлемін, Ай мен ғарышты, планеталарды, жұлдыздарды телескоппен бақылауға табиғат аясына шықты. Түнгі саяхат қала сыртындағы Ақжар елді мекеніндегі ашық алаңда жүргізілді.
Студенттер аспан әлемін телескоппен бақылау арқылы зор қуанышқа бөленді. Өздерін қызықтырған бірқатар сұрақтарға өздері бақылаған құбылыстардан жауап тапты. Планеталардың, шоқжұлдыздардың координаталарын анықтауға Stellarium бағдарламасын өздерінің ұялы телефондары арқылы қолданып, қызықты оқиғаларды телескоппен бақылады.
Студенттер жол бойы түрлі ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күйде болды. Аталған іс-шараға ф-м.ғ.к Д. Бердалиев, аға оқытушы Садық Б.Х. , phD Әбдіқадыр Бекзат, оқытушы Медетбекова Г. белсене қатысып, студенттерге бағыт берді. Жастар Сара Ақзамқызына және физика кафедрасының ұжымына ризалығын білдірді.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53