Zhanibekov university logo

КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

8 Мамыр 2026, 11:29
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да кезекті Ғылыми кеңес мәжілісі өтті. Мәжілісте университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және стратегиялық даму бағыттарына қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде кәсіптік практиканың нәтижелерін бағалау және саралау мәселесі талқыланды. Бұл бойынша «Talant» апгрейд орталығының басшысы Қоразбекова Қарлығаш баяндама жасап, студенттердің тәжірибелік даярлығын жетілдіру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар, Физика-математика факультеті деканының міндетін атқарушы Рахашев Бақытғали факультеттің стратегиялық жоспарының орындалуы мен алдағы даму перспективалары жөнінде есеп берді. Баяндамада оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру, ғылыми әлеуетті арттыру және білім сапасын көтеру мәселесі қаралды. Ал, Дене шынықтыру және спорт факультеті деканы Демеуов Ахан факультеттің стратегиялық жоспарының орындалуы мен алдағы міндеттері туралы баяндама жасады. Онда білім беру сапасын арттыру, спорттық инфрақұрылымды дамыту және студенттердің кәсіби даярлығын күшейту бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Ғылыми кеңес мәжілісінде бірқатар маңызды шешімдер қаралды. Атап айтқанда, 2025–2026 оқу жылындағы қысқы қабылдау бойынша 1-курсқа қабылданған докторанттардың докторлық диссертация тақырыптарын бекіту және ішінара өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Сонымен бірге, 2026–2027 оқу жылына арналған докторантураның қабылдау емтихандарын ұйымдастыру мақсатында жаңартылған емтихан сұрақтары, эссе тақырыптары және сұхбаттасу, емтихан, апелляциялық, эссені тексеру комиссияларының құрамдары бекітілді.

Кеңес барысында 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау комиссиясының құрамын бекіту, сондай-ақ «Өзбекәлітану» пәнін барлық бакалавриат білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларына енгізу мәселелері де қарастырылды.

Сонымен қатар, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына және қауымдастырылған профессор (доцент) міндетін атқарушы ғылыми атағына ұсыну, монографиялар мен оқу құралдарын баспаға ұсыну туралы шешімдер талқыланып, тиісті қаулылар қабылданды.

Осыған ұқсас

«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

9 Қыркүйек 2026, 16:36
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ

9 Қыркүйек 2026, 16:20
Конкурс. 07.09.2026

Конкурс. 07.09.2026

7 Қыркүйек 2026, 16:52
Хабарландыру 07.09.2026

Хабарландыру 07.09.2026

7 Қыркүйек 2026, 15:07
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

1 Қыркүйек 2026, 13:44
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті КЕАҚ-тың Университет грантын беру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 24 тамыздағы хаттамалық шешімі негізінде Университет грантының иегерлерінің тізімі

28 Тамыз 2026, 15:48
ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

28 Тамыз 2026, 12:33
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ –  ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

28 Тамыз 2026, 09:19
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27 Тамыз 2026, 14:06
ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

26 Тамыз 2026, 16:18