«ЗАҢ — ҚОҒАМНЫҢ ҚОРҒАНЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Заң — қоғамның қорғаны» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Сержан Айнабеков қатысып, студент жастармен құқықтық мәдениет, заң үстемдігі және сот жүйесінің қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты.
— Жазда студенттер оқудан босап, жұмыс іздей бастайды. Міне осы кезде жастар оңай олжаға қызығып немесе білместікпен түрлі жағдайларға душар болып жатады. Есірткі тасымалдау, күмәнді заттарды пайдалану сияқты жат әдеттерден аулақ және сақ болыңыздар. Білместік жауапкершіліктен құтқармайды, есірткі қылмысына жазаның балама түрі жоқ, кемі 7-12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, — деді Сержан Тоқтасынұлы.
Сот төрағасы заңның қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызына тоқталып, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелерін кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, сот саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, болашақ мамандарға адалдық, жауапкершілік және әділдік қағидаттарын ұстанудың маңызын атап өтті.
Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, сот жүйесінің қызметі, тергеу сотының ерекшеліктері және қазіргі құқықтық реформалар жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынылды. Еркін форматта өткен жүздесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрметпен қарауға бағытталды.
Кездесуге Басқарма мүшесі-Академиялық істер жөніндегі проректор Ж.Жылбаев қатысып, университет ұжымы атынан қонаққа алғыс білдірді. Ал модератор, Тәрбие және жастар ісі жөніндегі департамент директоры Қайрат Анарбаев мұндай мазмұнды кездесулердің жастар тәрбиесінде маңызы зор екенін атап өтті.


Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!
«КӘСІБИ ОРТАДАҒЫ ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ ӨТТІ
ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МЕН ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫ ЕҢБЕК!
КІТАПХАНА МЕН ТИПОГРАФИЯ ЖҰМЫСЫ НАЗАРДА
AI-Sana: студенттер ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН БАҒАЛАЙТЫН Mektep Pulse ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕДІ
«SHE RUG 2026»: ДӘСТҮР МЕН КӘСІПТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
ҒАСЫР ҒҰМЫРЛЫ ҰСТАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЮНИСЕФ ӨКІЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
СТУДЕНТТЕР АУЫЛ ӘЖЕЛЕРІНЕН КІЛЕМ ТОҚУДЫ ҮЙРЕНЕДІ