Zhanibekov university logo

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ТІЛ ЖАНАШЫРЫ ОРАЗКҮЛ АСАНҒАЗИЕВА АШЫҚ ДӘРІС ОҚЫДЫ

13 Мамыр 2026, 16:35
Медиа Орталық

Бүгін университетте «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазиева ашық дәріс өтті. Ә. Ахабаев атындағы №317 аудиторияда өткен ашық дәріске оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты. «Отбасы берекесі» деп аталған дәрісте қазақ болудың қазығы неден басталды, адам боп қалу қағидаттары мен тұлға болып қалыптасу, тән мен жанға қажет нәрселер, отбасыдағы ер мен әйелдің рөлі, салт-дәстүр тақырыбы кең ауқымда қамтылды. Кездесуді Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек жүргізіп, спикердің өмірбаяны туралы кеңінен мағлұмат берді.

 

Еңбек жолын ұлағатты ұстаз болудан бастап, қайраткерлік деңгейге көтерілген О.Асанғазиева халыққа қызмет ету білімнен емес, мінезден екенін дәлелдеген тұлға. Бүгінде Астанадағы әрбір көше аты қайраткер қыздың қолтаңбасындай болып көрінеді. Шымкент жастарымен кездесуінде толқынысын жасыра алмаған ел анасы:

 

— Өзбекәлі Жәнібековке арналған музей орталығында «Талайлардың маңдайынан сипаған» деп жазылыпты. Ұлт жанашыры менің де маңдайымнан сипаған асыл азамат еді. Жалпы, адам болып қалу үшін, ұлтына қызмет ету үшін маған дейін кімдер болған, кімдердің ізін басам деп ойлау керек. Сендер өте бақытты шәкіртсіңдер! Адамның мықты болуы рухына байланысты. Өзбекәлі Жәнібеков кешегі кеңес одағының бұғауына басы сыймаған, рухы мықты, кейінгі ұрпақ үлгі алатындай тұлға. Айналайын жігіттер, қыздар, нағыз үлгіні басқадан іздеудің қажеті жоқ, Өз-ағаңа тартсаңдар жаман азамат болмайсыңдар! — деп жүрекжарды лебізін білдірді.

 

Кездесу соңында филология ғылымының докторы, профессор, әдебиет сыншысы, университет ректорының кеңесшісі Құлбек Ергөбек Оразкүл Асанғазиеваның ана тілін насихаттаудағы еңбегіне тоқталып, бүгінгі ашық дәріс үшін алғысын жеткізді. Оқу ордамыздың атынан қонаққа арнайы гүл шоғы мен естелік сыйлық табыс етілді.

 

 

Осыған ұқсас

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

18 Тамыз 2026, 13:30
Хабарландыру 17.08.2026

Хабарландыру 17.08.2026

17 Тамыз 2026, 19:08
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

14 Тамыз 2026, 13:32
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

11 Тамыз 2026, 13:34
ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 Тамыз 2026, 13:36
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

7 Тамыз 2026, 13:38
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

6 Тамыз 2026, 13:41
ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

6 Тамыз 2026, 11:42
Хабарландыру 05.08.2026

Хабарландыру 05.08.2026

5 Тамыз 2026, 21:38
УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

4 Тамыз 2026, 13:43