«Өзбекәлі Жәнібеков — мәдениет майталманы» эссе байқауына қатысушылар марапатталды
Бүгін университеттің Өзбекәлі Жәнібеков орталығы қоғам және мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің еңбектерін талдау және насихаттау бойынша өткізілген пікірсайыс, бірыңғай эссе сағаты, челлендж, кітап талқыға қатысқан белсенді студенттерді марапаттады.
Белсенді студенттерге Басқарма төрағасы-ректор м.а Әлібек Нұртаевтың Алғыс хаты тапсырылды. «Өзбекәлі Жәнібековтің рухани мұрасы мен өнегелі еңбектерін насихаттауда белсенділік танытып, ұлттық мәдениет пен тарихи құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз» деді жастарға марапатты табыс еткен Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек.
Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Өзбекәлі Жәнібеков — мәдениет майталманы» тақырыбындағы бірыңғай эссе сағатына белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттаған студенттер де осындай Алғыс хатпен марапатталды. Жәнібеков мұрасын жалғастырушы 40 студент оқу жылын осылай табысты қорытындылады. Ал, марапаттау жиынын орталық басшысы Эльмира Оразбаева ұйымдастырды.

Осыған ұқсас
АЛТЫН ҰЯҒА 60 ЖЫЛДЫҚ САҒЫНЫШПЕН КЕЛДІ
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНДА ТҮРКИЯЛЫҚ МАМАНДАР САБАҚ БЕРУДЕ
ҒАЛЫМДАР «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА —ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫН ОҚЫП, ТАЛҚЫЛАДЫ
Хабарландыру. 25.09.2026
25 қыркүйек - Жалпыұлттық аза тұту күні
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
BilimUpskill ChatGPT Edu жобасы бойынша кездесу-семинар
«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ