UPGRADE КӘСІБИ КУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Мансап апталығы: Job Ready Teacher» аясында ұйымдастырылған «Түлектің жұмысқа орналасу мектебі» Upgrade кәсіби курсының қорытынды жиыны өтті. Курс барысында бітіруші курс студенттері еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдыларды меңгеріп, резюме дайындау, мотивациялық хат жазу, enbek.kz платформасымен жұмыс істеу, сұхбаттасу және мансаптық жоспарлау бағыттары бойынша тәжірибелік білім алды.
Курс әзірлеуші серіктестер Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейі, Зерделі мектебі және Қаратау ауданы бойынша Мансап орталығы болып табылады. Іс-шара барысында университет Басқарма Төрағасы – ректор м.а Әлібек Нұртаев құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі таңда сапалы біліммен қатар еңбек нарығында өз орнын таба алатын, кәсіби тұрғыдан дайын мамандарды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар университет түлектерінің жұмыспен қамтылуын қолдау білім беру сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі екеніне тоқталды. Мансап орталығының басшысы Мәселбек Әділхан, университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ж.Жылбаев болашақ мамандарды даярлаудағы серіктестіктердің тиімді тетігін айтып, алғыс білдірді.
Өз кезегінде Өнер және білім факультетінің бітіруші түлегі Асан Рабиға курс ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, болашақ жұмыс ордасына бейімделуге және жұмыс іздеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік болғанын жеткізді. Жиын соңында курсты сәтті аяқтаған білім алушыларға сертификаттар, ал бағдарлама әзірлеушілері мен серіктестерге алғыс хаттар табысталды.
Осыған ұқсас
«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ
Конкурс. 07.09.2026
Хабарландыру 07.09.2026
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті КЕАҚ-тың Университет грантын беру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 24 тамыздағы хаттамалық шешімі негізінде Университет грантының иегерлерінің тізімі
ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ