«Мектепке дейінгі білім берудегі STEM технологиясы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді
Zhanibekov University, Өнер және білім факультеті Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы кафедрасының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі білім берудегі STEM технологиясы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Семинар барысында қазіргі заманғы білім беру жүйесі балаға тек білім беріп қана қоймай, оны шығармашылыққа, логикалық ойлауға, топпен жұмыс істеуге, ғылым мен технологияға қызығушылықпен қарауға үйрету қажеттілігі айтылды. Осыған лайық STEAM технологиясы – ғылым (Science), технология (Technology), инженерия (Engineering), өнер (Art), математика (Mathematics) салаларын біріктіретін оқыту жүйесі екені аталып, балаларда зерттеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мен шешім қабылдау қабілетін арттыру, интеграцияланған пәндер арқылы өмірмен байланысты білім беру, баланың жеке қызығушылығын анықтау және қолдаудағы ерекшеліктер айтылды.
Семинар қорытындысында 1-курс магистранты Арыстанбек Айдана STEAM технологиясы бойынша зерттеу жұмыстарында қолданылатын әдістеріне, ойын технологияларына талдау жасап, болашақта балалардың шығармашылық дағдысын дамыту бойынша ойын түрлерін қолдану әдістеріне толықтырулар енгізіп әдістемелік құсқаулық жасауды ұсынды.
Осыған ұқсас
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жастар практикасы бағдарламасы аясында жас мамандарды жұмысқа шақырады
ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ КАФЕДРА ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ZHANIBEKOV СТУДЕНТТЕРІ 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
Хабарландыру. 22.01.2026
СТУДЕНТІМІЗ АЛУА ЖҰМАДІЛДА SHYMKENT OPEN-2026 ЖЕҢІМПАЗЫ
Хабарландыру. 17.05.2024
«ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ» БИЫЛҒЫ МЫҚТЫЛАРЫ КІМ?
ТӘЛІМГЕР ҚЫЗМЕТІ: ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ