Zhanibekov university logo

ТҮРКИЯНЫҢ ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ БАСТАЛДЫ

24 Шілде 2026, 14:11
Zhanibekov university

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Түркияның беделді Гази университетінің филиалы талапкерлерді қабылдау науқанын  бастады.  2026-2027 оқу жылына филиалға 100 мемлекеттік  білім гранты бөлінді.  Бұл бастама талапкерлер тарапынан  үлкен  қызығушылыққа ие болып,  150-ге жуық  талапкер оқуға түсуге ниет білдірген. Іріктеу халықаралық  талаптарға сәйкес екі кезең бойынша ұйымдастырылды.  Алдымен  талапкерлер  жазбаша емтихан  тапсырып,  өздерінің теориялық дайындығы мен  академиялық білім деңгейін  дәлелдеді.  Осы кезеңнен  жоғары нәтиже көрсеткен  талапкерлер ғана келесі кезең —әңгімелесу емтиханына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Әңгімелесу барысында үміткерлердің кәсіби мотивациясы, педагогикалық ойлау қабілеті, көшбасшылық қасиеттері,  болашақ мамандыққа деген  көзқарасы жан-жақты бағаланады.  

    🔹Қабылдау емтихандарының әділ әрі ашық  өтуін  қамтамасыз  ету мақсатында емтихандарды Түркияның беделді Гази университетінен арнайы келген  профессорлар қабылдауда.  Бұл талапкерлердің білім деңгейін  халықаралық  талаптарға сай бағалауға мүмкіндік береді. Алғашқы емтиханның басталуына Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-Ректор  Қайрат Балабиев қатысып,  талапкерлерге сәттілік тіледі. 

    🔹—Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде әлемнің жетекші оқу орындарының филиалдарын  ашу жөніндегі тапсырмасы аясында,  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен  жүзеге асқан  бұл жоба Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін  халықаралық  деңгейге көтеруге бағытталған  маңызды бастама.  Сондай-ақ,  Қазақстан мен Түркия арасындағы академиялық  ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп,  отандық педагогикалық білімнің сапасын арттыруға және халықаралық  тәжірибені кеңінен  енгізуге зор мүмкіндік береді. Біздің мақсат —  қабылдау емтихандарын жоғары деңгейде,  әділ әрі ашық ұйымдастырылуын  бақылауға алып,  талапкерлерге қолайлы жағдай жасау, —деді Қайрат Рахымұлы. 

    🔹Биыл ҰБТ-дан  111 балл жинаған  түлек Жұмабек Гүлсезім Шымкент қаласындағы мектептердің бірін бітірген. Гүлсезім Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ жанынан ашылған  Гази университетінде оқуды не үшін  таңдағанын былай түсіндіреді.  «Маған  біріншіден,  бұл университетте оқудың екі диплом беретін  жүйесі, одан кейін  шетелдік  мамандардан  дәріс алатынымыз ұнады. Емтихан барысында оқылым, тыңдалым бойынша түрлі сұрақтарға жауап бердік» дейді талапкер.

Осыған ұқсас

«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

9 Қыркүйек 2026, 16:36
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ

9 Қыркүйек 2026, 16:20
Конкурс. 07.09.2026

Конкурс. 07.09.2026

7 Қыркүйек 2026, 16:52
Хабарландыру 07.09.2026

Хабарландыру 07.09.2026

7 Қыркүйек 2026, 15:07
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

1 Қыркүйек 2026, 13:44
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті КЕАҚ-тың Университет грантын беру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 24 тамыздағы хаттамалық шешімі негізінде Университет грантының иегерлерінің тізімі

28 Тамыз 2026, 15:48
ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

28 Тамыз 2026, 12:33
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ –  ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

28 Тамыз 2026, 09:19
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27 Тамыз 2026, 14:06
ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

26 Тамыз 2026, 16:18