ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫҢ ҚАНДАЙ, СТУДЕНТ?
Zhanibekov University-де “XXI ғасырдағы сандық тұзақтар” немесе “Өзіңізді қаржылық алаяқтардан қалай қорғауға болады?” тақырыбындағы іс-шара бүгін үшінші күнге жалғасуда.
Кездесуді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департамент директорының орынбасары Санат Жұмабайұлы мен университет Басқарма төрағасы-Ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева сөз сөйлеп ашты. Бүгінгі шараның жастардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға және олардың болашақта қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын түсіндірді.
Пайдалы кеңеске толы дәрісті кездесу қонағы, эстрада әншісі Сиви Махмуди әсем әнмен бастап, жастарды серпілтті. Студенттер анкета сұрақтарына жауап беріп, жеңімпаздарға сыйлық үлестірілді. Кездесу қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық және халықаралық олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам