Logo image
Image

Педагогикалық практика

Жұлдыз Амантай
25.12.2023 -15:00

2023 жылғы 25 желтоқсанда психологиялық-педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға 6В01201- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы мамандығының  3-курс білім алушылары ,практикаға жауапты, оқытушы Г.Акилбаева және практика жетекшісі Аймурзаев.А қатысты.

Психологиялық-педагогикалық практика барысында білім алушылар психолог қызметінің ғылыми негіздерімен және білім беру жүйесінде қызмет атқаратын психолог жұмыстарының ерекшеліктерімен танысты.Әр білім алушы өзіне бекітілген топқа зерттеу жұмыстарын жүргізіп,балаларға мінездемелер жазып, білім беру мекемесінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып, психологиялық-педагогикалық практикадан өтті.Білікті мамандардан тәжірибе үйреніп, өзін-өзі жетілдіруге, креативті ойлауға,сыни тұрғыдан ойлауға жаңа технологияларды қолдануға үйренді.