ЧЕХИЯЛЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ АЛҒАШҚЫ ДӘРІС ОҚЫЛДЫ
Чехияның Оломоуц қаласының Палацк
университетінан академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуға келген студенттерге
Қазақстан туралы алғашқы танымдық дәріс оқылды.
Дәрісті университет Басқарма
мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл
Исабек өткізді. Шетелдік студенттерге танымдық сабақта қазақ тарихындағы
белгілі тұлғалар, киелі мекендер мен қалалар, Ұлы Жібек жолы, қазба байлықтары
мен Алтын адам, Алматы апорты мен Түлкібас қызғалдағы, бүгінгі ел мақтанышы
Димаш Құдайбергенов туралы таныстырылым жасады.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы, 87 жылдық
тарихы бар Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ мен мемлекет және қоғам қайраткері,
этнограф Өзбекәлі Жәнібеков, оның мұралары туралы деректер айтылды. Баршагүл
Қашқынқызының тақырыпқа сай ұлттық киімде, қазақы әшекейлермен өткізген сабағы
шетел студенттерінің қызығушылығын оятты.
Чехия жастары Қазақстанды бұған дейін
елімізде жақсы дамыған, әлемде кеңінен таралған спорт түрі армрестлинг арқылы
білетіндерін жеткізді. Ал, Zhanibekov University-де бүгінде 14 студент Орта
Азия чемпионы атанған қолкүрес шебері болып табылады.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам