ZHANIBEKOV UNIVERSITY –ДЕ ҒЫЛЫМ АЙЫ АШЫЛДЫ
12-сәуір — Ғылым күні. Осыған орай
Zhanibekov University бір ай бойы ғылым айын жариялады.
Ғылым айының ашылу салтанатында
университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева
құттықтау сөз сөйледі.
— Ғылымды дамыту университеттің басты
мақсаттарының бірі. Соңғы жылдары біз бұл салада бірнеше жетістіктерді
бағындырып келеміз. Атап айтар болсақ, 470 миллион теңгені құрайтын грант
жобасымен айналысудамыз. Қазіргі кезде 13 жобаның 4-і әлі жалғасын табуда.
Өздеріңіз білесіздер, жаратылыстану, техникалық бағыттағы ғылым алға
қарыштағанымен, педагогика саласына арналған зерттеулер аз. Біздің жастар,
студенттер бұл бағытта нәтижелі ізденеді деп ойламыз және оған қолдау жасалуда,
— деді Гүлжан Дәулетбекқызы.
Ғылым айының іс-шаралар жоспарымен
Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Рахымжанұлы
таныстырды.
Бүгін ғылым айы «Қазақстанның қазіргі
экономикалық жағдайында инклюзивті білім беруде әлеуметтік және гендерлік тепетеңдікті
сақтаудың ерекшеліктері: салыстырмалы талдау» тақырыбындағы «дөңгелек үстелмен»
және «Қазақстан ғылымына жастардың саяси көзқарасы: қазіргі жағдайы мен болашақ
болжамы» тақырыбындағы дискуссиямен ашылды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам