ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ МҰРАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЗЕРТТЕЛУДЕ
19 Наурыз 2025, 12:00
Медиа Орталық
Ұлттық мереке «Өзбекәлі Жәнібеков құбылысы: тұлға тағылымы және педагогикалық құндылықтар» атты «Жәнібеков оқулары–2» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясымен басталды.
Мәжіліс жиынын университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөзбен ашып, биыл екінші рет өткізіліп отырған шараның мақсатына тоқталды. Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР Президенті жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбден Жәнібеков мұраларын Абай салған сара жолмен сабақтастырып, қоғамды ізгілендіру бағытындағы құнды ойларымен бөлісті.
Белгілі профессорлар Құлбек Ергөбек, Мұхтар Қожа, көзкөрген азаматтар Алмас Жансүгіров пен Қанат Тұяқбаев Өзбекәлі Жәнібековтің рухани болмысындағы адамгершілік қасиеттерін еске алып, естеліктерін жаңғыртты.
Ал, бес бағытты қамтыған секция мәжілісінде қатысушылар зерттеулерін қорғап, арнайы марапаттарға ие болды. Дәстүрлі конференцияға былтыр Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан ғалымдары да қатысып, Жәнібеков мұраларын зерттеуге қызығушылық танытқан болатын. Ал биыл барлығы 300-ден астам мақала келіп түссе, оның ішінде Алматы, Астана, Ақтөбе, Тараз, Жетісу өңірінің ғалымдары ізденістерін ұсынды. Бұл бағыттар Өзбекәлі Жәнібековтің тарихи-этнографиялық мұраларына, оның еңбектеріндегі ұлттық тәрбие және педагогикалық құндылықтарға (педагогика, психология, әдістеме), Өзбекәлі Жәнібеков және ұлттық өнер мен спортқа, жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері мен шешу жолдарына, заманауи физика-математикалық білім: тәжірибе, проблемалар, келешекке арналды. Үздік зерттеулер университет сайтында жарияланады.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53