Жасанды интеллектіні ғылыми зерттеуде қолдану
Оқу ордамызға Ресей білім беру академиясының академигі, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Гриншкун Вадим Валерьевич келді.
Білікті профессорды университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева қабылдап, педагогика саласындағы ортақ мәселелер туралы пікір алмасты. Информатиканың соңғы жылдардағы заманауи жетістіктерін ғылымда қолданудың ерекшеліктері туралы ой қозғады.
Вадим Валерьевич Zhanibekov University студенттеріне арнайы семинарда «Ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Ол жасанды интеллект технологияларының білім беру және ғылыми зерттеулердегі рөліне тоқталды. Сондай-ақ, деректерді талдау, үлгілерді анықтау, болжам жасау және автоматтандырылған шешім қабылдау процестерінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін атап өтті. Дегенмен, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері зор болғанымен, сарапшылардың кәсіби пікірі мен эксперттік бағалаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ғылыми зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету және дұрыс қорытынды жасау үшін адами талдау мен тәжірибенің орны ерекше екенін жеткізді.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам