АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КЕҢІСТІГІНЕ ЖОЛ
Zhanibekov University білім алушылары үшін ішкі және халықаралық
академиялық ұтқырлық бағдарламаларының мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталған
ақпараттық кездесу өтті.
Кездесуде таныстырылды:
-академиялық ұтқырлық бағдарламалары,
оған қатысу үшін қойылатын талаптар
-отандық және әлемдік алдыңғы қатарлы
жоғары оқу орындарында білім алуға және тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін
бірқатар шарттар
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы
бойынша Чехия, Польша, Түркия университеттерінде білім алған студенттер
шетелдік ЖОО-да өткен семестрлері жөнінде, ондағы академиялық және қоғамдық
өмір, халықаралық мәдени орта жөнінде баяндады. Білім алушыларды ұтқырлық
бағдарламаларына қатысуға ынталандырды. Қатысушылар арасында қызықты
интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Сұрақтар қойылып, жан-жақты мәліметтерге қанықты.
Сыртқы академиялық ұтқырлық
бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 10
сәуіріне дейін ұзартылды. Сіз де өз бағыңызды сынап көріңіз!
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам