ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ, ПРОФЕССОР ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕК ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
11 Наурыз 2025, 15:06
Медиа Орталық
«Өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан жетпісінші жылдарға дейінгі қазақ әдебиетінің дәуірі Мұхтар Әуезовтікі болса, жетпісінші жылдардан бүгінге дейінгі дәуірі Әбіш Кекілбаевтікі!»
Бұл — әдебиет сыншысы, жазушы Құлбек Ергөбектің әдеби тұлғаларға берген бағасы. Zhanibekov University-де өткен шығармашылық кездесуде қаламгер қазақ әдебиетінің кешегісі мен бүгінін саралап, болашағына бағдар жасады. Қай заманда болмасын әдебиетті дәуірдің өзі тудыратынын ойлы оқырманға батыл пікірлерімен түйсіндірді. Ұстазы Бейсенбай Кенжебаевты ерекше құрметпен еске алып, тағылымы мол естеліктерді жаңғыртты.
Ашық дәріс форматында өткен шығармашылық кездесудің екінші кезеңінде кеш кейіпкері студенттердің сұрақтарына жауап берді. Шараны университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева жүргізіп отырды. Әсерлі әрі тағылымды кездесуді филология факультеті ұйымдастырды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53