«САРҚЫЛМАЙТЫН ЖЫЛЫЛЫҚ, АНА АТАУЫ — ҰЛЫЛЫҚ»!
6 Наурыз 2025, 18:04
Медиа Орталық
Концерттік бағдарламаның шымылдығы университет студенттерінен құралған «Тұмар» би ансамблінің «Қызғалдақ» биімен ашылды. «Мұра» ұлттық шығармашылық орталығының «Айтыс» үйірмесінің жетекшісі Нұрғали Әнапия мен филология факультетінің студенті, бүгінде жастар айтысында жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрген мақтанышымыз Сұлтан Сәуірхан ұстаздарға деген ақ тілегін өлеңмен өріп, құлақ құрышын қандырды.
Ұжым қыз-келіншектерін мерейлі мерекемен Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева құттықтап, тәрбие мен жоғары білім беру жолында аянбай қызмет етіп жүрген нәзікжандыларға алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, жемісті еңбегімен дараланған еңбеккерлерді «Amanat» партиясы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мақсат Жолдасбеков, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Ұлжан Айтубаева марапаттады.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53