«ТӘРТІПТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА!» ҚОҒАМДЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
4 Наурыз 2025, 18:06
Медиа Орталық
Zhanibekov University-де «Тәртіпті өзіңнен баста!» қоғамдық акциясы аясында тәрбиелік және құқықтық маңызы бар іс-шара өтті.
Жиында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ІІБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі регионалдық полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Хабибулла Юсупов, Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары Князь Валиев студенттерге құқықбұзушылық пен жат әдеттердің заңды жауапкершілігі, буллинг, ерте жүктіліктен сақ болу туралы жан-жақты түсінік берді.
Жол ережесін сақтауға байланысты заң тәртібіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Ал, мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Жазира Әлжанова ЖОО-ғы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын, үздік студенттерге мемлекеттік қызметке іріктеусіз кіру тәртібі , мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы туралы ақпарат берді.
Іс-шараны Басқарма-мүшесі Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек жүргізіп, жастардың тәртіп және тәрбие мәселесінде бірлескен шараның маңызына тоқталды және мамандарға алғыс білдірді. Студенттер назарына тақырыпқа сай арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53