1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
27 Ақпан 2025, 17:39
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 1-наурыз Алғыс айту күніне орай мәдени-танымдық іс-шара өтті.
— Алғыс айту күні елімізде 2016 жылдан бері атап өтіліп келеді. Қиын жылдарда өзге елден жер аударылып келген халықтарды қазақ ұлты құшақ жая қарсы алып, бір нанды бөліп берді. Қаншама қасіретті бірге бастан өткерді. Ауызбіршілік пен мейірімнің арқасында бүгінде мемлекетімізді 130-дан астам ұлт өкілі мекендейді. Университетімізде де иран, корей, өзбек ұлтының жастары оқып, білім алып жатыр. Біз ешкімді бөлмейміз, бәріміз біргеміз, — деді Гүлжан Дәулетбекқызы.
Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, студенттер түрлі халықтың өнерін ортаға салды. Ал, өзге ұлт өкілдерінің студенттері ұлттық киімде қазақ халқына шынайы алғыс айтты.
Айта кетелік , бүгінде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 24 өзге ұлт өкілі бір үйдің баласындай тату-тәтті жоғары білім алуда.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53