Университет Директорлар Кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбден Ғылыми кеңес мүшелерімен кездесті
20 Ақпан 2025, 19:16
Медиа Орталық
Жиында университеттің сала проректорлары атқарылған жұмыстар мен алдағы үш жылдыққа жоспарларымен бөлісті. Жастар тәрбиесі мен оларды әлеуметтік қолдау туралы Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек мәлімдеді. Қашықтықтан оқытуда кездесетін кедергілер мен білім беру бағдарламаларының мектеп оқулықтарымен сәйкестігі, диплом алғаннан кейін түлектермен байланыс мәселелері бойынша Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Айнаш Құдышева баяндады. Ал, Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков университеттің ғылыми әлеуетіне талдау жасап, алдағы үш жылдық жоспарын назарға ұсынды.
Жоғары білім берудегі мемлекеттік қолдау, оның ішінде биыл қолға алынған «Келешек» бағдарламасының тетіктері бойынша бұқараны ақпараттандыру, шетелдік әріптестермен қарым-қатынасты жүзеге асыру жолдарына Басқарма мүшесі-интернационалдандыру және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Нұрдәулет Хангелді шолу жасады.
Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева педагог кадрларды даярлаудағы өңірге ортақ проблемаларды тілге тиек етті. Жауапты сала жетекшілерін мұқият тыңдаған Оразалы Сәбденұлы атқарылып жатқан тірліктердің неғұрлым нәтижелі болуына баса көңіл аударуды тапсырып, жалпы университет ұжымының жұмысына оң бағасын берді.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53